О снятии ограничений для въезда в Казахстан

О снятии ограничений для въезда в Казахстан

2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің жаңартылған тәртібі бекітілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Канаданың барлық азаматтарына Қазақстанның халықаралық әуежайлары арқылы Қазақстан Республикасына кіруге мынадай жағдайларда ғана рұқсат етілген:

  • визалық талаптарды сақтау (ҚР-да болу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын Канада азаматтарына виза талап етілмейді);
  • COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының болуы (анықтама материал жиналған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат ішінде жарамды деп есептеледі), 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда.

    Канада азаматтары үшін Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының рұқсаты енді талап етілмейді.


    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің толық мәтіні осы сілтеме бойынша.