Канада Сенаты Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтті

Канада Сенаты Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтті

        Оттава, 2022 жылғы 10 ақпан - канадалық сенатор Дэвис Уэллс, Канада Парламенті Сенатының 2022 ж. бірінші сессиясында Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Канада мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай мәлімдеме жасады.

         Ү.ж. 10 ақпанда канадалық сенатор Дэвис Уэллс, Канада Парламенті Сенатының 2022 ж. бірінші сессиясында Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Канада мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай мәлімдеме жасады.

         Дэвис Уэллс өз сөзінде салыстырмалы түрде қысқа тарихи кезеңде Қазақстан елеулі прогреске қол жеткізіп, өз дамуында әлеуметтік-саяси табыстарға жеткенін хабарлады. Оның пікірінше, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде мемлекетіміз халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналып, Еуразия құрлығында қарқынды дамып келе жатқан елге айналды.

         Канадалық сенатор Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) таратпауға қосқан қомақты үлесін, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігін атап өтті. Ол еліміздің Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ (ОАЯҚАА) құрудағы маңызды рөлін атап өтті.

         Сонымен қатар Д.Уэллс ҚР мен Канаданың парламенттік жүйелерінің ұқсастығын сипаттап, екі елде де жоғарғы палатадан (Сенат) және төменгі палатадан (Мәжіліс және Қауымдар палатасы) тұратын қос палаталы парламент жұмыс істейтінін атап өтті.

         Сөзінің соңында Д.Уэллс Қазақстанды Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Канада үшін Қазақстанмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

         Үстіміздегі жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын ақпараттық-имидждік насихаттау аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Елшілігі бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.