Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудың он жылдық бағдарламасын іске асыру туралы

Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудың он жылдық бағдарламасын іске асыру туралы

ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева 2020 жылы тамызда бекітілген Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудың он жылдық бағдарламасының іске асырылуы туралы хабардар етті. Оның айтуынша, қазіргі кезде Республикада 16 мыңға жуық түрлі ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді. Елде жылына орта есеппен алғанда 2 мыңға жуық әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң және онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру туралы түзетулер қабылдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар туралы заң тұжырымдамасының жобасы әзірленуде.

Министр A.Балаева Yкімет қабылдаған барлық шаралар бірінші кезеңде заңнамалық және ұйымдастырушылық тетіктерді жетілдіруге бағытталған деп мәлімдеді. Келесі кезеңде нақты іс-шараларды жүзеге асыруға көшу жоспарлануда.

Zakon.kz сайтында жарияланған

Сурет: zakon.kz

https://www.zakon.kz/5070179-kak-budet-razvivatsya-grazhdanskoe.html