Қазақстан мен Канада: 29 жылдағы экономикалық жетістіктер

Қазақстан мен Канада: 29 жылдағы экономикалық жетістіктер

Оттава қ., 2021 жылғы 13 мамыр – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар сериясы шеңберінде 2021 ж. 13 мамырда Қазақстан-Канада онлайн конференциясы өтті, оның барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың даму мәселелері талқыланды.

Конференцияны ҚР Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов ашты, өз сөзінде ол «Қазақстан қазіргі уақытта өз дамуының маңызды кезеңінде 2021ж. желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтетінін» атап өтті. Қазақстандық дипломат еліміздің өткен жылдардағы негізгі жетістіктері мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды атап өтті. Сондай-ақ, Канада еліміздің маңызды сауда-экономикалық серіктесі және Қазақстандағы инвестициялар бойынша көшбасшылардың бірі болып табылатыны атап өтілді.

Канаданың Қазақстандағы Елшісі Николя Бруссо өз сөзінде «ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен іс-әрекеттерінің арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдары Орталық Азияның ең гүлденген және қарқынды дамып келе жатқан еліне айналып, өңірлік көшбасшы және жаһандық қатысушыға айналғанын» атап өтті.

Канаданың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Маргарет Скок 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғаны туралы және тәуелсіздік таңында тау-кен, ауыл шаруашылық, энергетика, білім беру және т.б. секторларындағы алғашқы канадалық компаниялардың ҚР-да қызметін бастаған туралы өз естеліктерімен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның экономикалық нығаюының тарихына және елдің сыртқы саясатының бірегей моделін қалыптастыруға егжей-тегжейлі шолу жасады.

"BAZIS" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Канадамен 1993 жылдан бастап құрылыс секторында, соның ішінде құрылыс технологияларын тарту және Қазақстанда бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық тәжірибесі туралы айтты.

Конференцияға қатысушылардың алдында Қазақстанда 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан және ел экономикасына жүздеген миллион АҚШ долларын инвестициялаған канадалық компаниялардың басшылары да сөз сөйледі. Олардың ішінде: «Cameco» уран компаниясының Президенті, «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесінің тең төрағасы, Қазақстанның Саскачеван провинциясындағы Құрметті консулы, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Тим Гитцель, «Condor Petroleum» мұнай-газ компаниясының Басқарушы директоры Норман Сторм, «Ex-Im Trading» Бас директоры Дэвид Баркер және «AGI-CDC Kazakhstan» компаниясының басшысы Марк Финдли. Конференцияның модераторы ретінде «Al Hilal Bank Kazakhstan» Бас директоры және Басқарма Төрағасы Гордон Хаскинс болды.

Іс-шара ҚР Канададағы Елшілігінің бастамасымен Ресей мен Еуразиядағы канадалық іскерлік қауымдастығымен (CERBA) бірлесіп өткізілді.