Канадада қазақстандық ақындарының шығармаларын үздік оқу конкурсын жариялау туралы хабарлама

Канадада қазақстандық ақындарының шығармаларын үздік оқу конкурсын жариялау туралы хабарлама

2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылғы 3 ақпан 21 наурыз аралығында Канададағы Қазақстан Республикасының Елшілігі қазақстандық ақындардың Ең үздік өлең оқуларына байқау жариялайды. 

Ұзақтығы екі минуттан аспайтын бейнежазбаны 2021 жылғы 21 наурызға дейін Қазақстан Елшілігінің электрондық поштасына kazembottawa@gmail.com жіберуді сұраймыз. Бейнежазбаға қоса, қатысушының аты-жөні, туындының атауы, туындыны таңдау себебі туралы қысқаша ақпарат, кері байланыс үшін қатысушының байланыстары мен пошталық мекенжайы көрсетілуі қажет.

Өлең оқу тілі және қатысушының жасы – шектелмешен.

Келіп түскен барлық бейнежазбалар Қазақстанның Елшілігінің Facebook желісіндегі (@KZEmbassyCA) парақшасында орналастырылады.

Бірінші, екінші және үшінші орын және бас жүлде иегерлері Елшіліктің естелік сыйлықтарымен марапатталады.

Конкурсқа қатысудың қосымша сұрақтар бойынша мына электронды поштаға хабарласуды сұраймыз: d.kassymova@mfa.kz. 

Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі