НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Онтарио үкіметінің екінші провинциялық төтенше жағдай жариялауына және үйде болу туралы бұйрық шығаруына байланысты, 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап ҚР Оттавадағы Елшілігі азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады. Консулдықтың жұмыс тәртібіне қатысты келешек өзгерістер туралы веб-сайтымыз арқылы қосымша хабарлайтын боламыз.
Бұл шешім бірнеше факторларға байланысты қабылданды, яғни келушілеріміздің денсаулығын қорғау үшін, сондай-ақ Онтарионың тиісті үкіметтік органдарының нұсқаулықтарын орындау мақсатында.
Сіздерге консулдық, оның ішінде визалық, мәселелер бойынша шұғыл кеңес пен көмек қажет болған жағдайда, Елшілікпен жұмыс уақытында электрондық пошта арқылы: consul.ottawa@mfa.kz немесе телефон арқылы: +1 613 695 8055 (ішкі 230) байланысуға болады.
Өтініштер жеделдігі мен қажеттілігіне қарай әр сауалыңыз жеке тәртіппен қарастырылатын болады.