Канадада Қазақстандағы кезекті парламенттік сайлауға дайындық бойынша онлайн брифинг өтті

Канадада Қазақстандағы кезекті парламенттік сайлауға  дайындық бойынша онлайн брифинг өтті

Оттава, 2021 жылғы 8 қаңтар - Қазақстанның Канададағы Елшілігі 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға дайындық бойынша онлайн брифинг өткізді.

Брифингке Канаданың ғылыми және қоғамдық топтарының өкілдері, журналистер, қазақстандық студенттер мен Канададағы ҚР азаматтары, сондай-ақ, қазақстандық диаспора өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстандағы ағымдағы сайлау процесінің ерекшеліктерімен және елімізде жалғасып жатқан саяси жаңғырту шеңберінде ҚР Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырылды. Бұл ретте, ағымдағы сайлауды ұйымдастыру шарттарына, сондай-ақ сайлауда аккредиттелген халықаралық шетелдік бақылаушыларға ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар Канадада дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі мәселелеріне айтарлықтай қызығушылық танытты. Елшілік 2021 жылғы 10 қаңтарда Оттава мен Торонтодағы №279 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында дауыс беру күні, уақыты және тәртібі туралы толық ақпарат берді. Елдегі қатаң карантиндік шараларға байланысты Елшілік қауіпсіз дауыс беру процесін қамтамасыз ету және Онтарио Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің барлық ұсынымдарын орындау үшін толық шараларды қабылдады.