Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампань Қазақстанды Тәуелсіздіктің 29-жылдығымен құттықтады

Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампань Қазақстанды Тәуелсіздіктің 29-жылдығымен құттықтады

Оттава қ., 2020 ж. 29 желтоқсан - Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампань Қазақстанды Тәуелсіздіктің 29-жылдығымен құттықтады

Министр Ф.Шампань өзінің құттықтау Жолдауында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Республиканың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға, тиімді басқаруға және қағидаларға негізделген халықаралық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстандағы реформаларды іске асыруды табанды қолдайтынын атап өтті.

Канаданың Сыртқы істер министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімге негізделген тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге және білім беру арқылы адами капиталды дамытуға бағытталған күш-жігерін ерекше атап өтті. Канадалық тарап сонымен бірге жасыл өсуді бірлесіп ілгерілетуге және климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуге қолдау білдірді.

Сонымен қатар, Ф.Шампань ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың демократиялық құндылықтарды қорғауға, азаматтық қоғамды дамытуға және адал бәсекелестікті нығайтуға бейілділігіне берік қолдау білдірді. Канадалық тарап бұл мақсаттарды Қазақстанмен бөлісетінін мәлімдеді және оларға қол жеткізу бойынша бірлесіп, жұмыс жасауға дайын екендігін білдірді.