Оттавада «Қазақстан: ежелгі тарихы бар жас ел» атты презентация өтті

Оттавада «Қазақстан: ежелгі тарихы бар жас ел» атты презентация өтті

Оттавада «Қазақстан: ежелгі тарихы бар жас ел» атты презентация өтті

Оттава, 2020 жылғы 30 қараша – Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі Оттаваның Халықаралық клубымен бірлесе отырып, «Қазақстан: ежелгі тарихы бар жас ел» тақырыбы бойынша онлайн презентацияны ұйымдастырды.

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған презентация жергілікті көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шараға 50-ден астам қатысушылар қатысты, олардың ішінде Канадада тіркелген шетелдік елшіліктердің өкілдері, Оттаваның Халықаралық клубының мүшелері, сондай-ақ Канада астанасының шақырылған қоғамдық топтары болды.

Оттава жұртшылығына таныстыру шеңберінде қазақтардың тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен және біздің еліміздің қазіргі өмір салтымен таныса алды.

Сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар ұлттық тағамдар мен Қазақстанға туристік сапарларға қызығушылық танытты. Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстанға келуге ниет білдіріп, ел туралы мағыналы ақпарат үшін Елшілікке алғыстарын айтты.

Оттаваның Халықаралық клубы (International Club of Ottawa) - Канададағы ашық коммерциялық емес қоғамдық ұйым, ол Оттаваның дипломатиялық, іскерлік және академиялық топтарының өкілдері арасында ақпарат алмасу және коммуникация ұйымдастырады.