Қазақстан мен Канада аграрийлері ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды талқылады

Қазақстан мен Канада аграрийлері ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды талқылады

Қазақстан мен Канада аграрийлері ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды талқылады

23 қарашада Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесі аясында бірқатар салалық жұмыс топтарын аяқтаған ауыл шаруашылығы және агротехнология саласындағы жұмыс тобының отырысы өтті.

Екі елдің үкіметтері, компаниялары, ауылшаруашылық қауымдастықтары мен академияларының 60-тан астам өкілдері шара барысында Қазақстан мен Канада арасындағы аграрлық сектордағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Нұрбек Дайырбеков біздің елдердегі климаттың, топырақтың және еңбекқор адамдардың ұқсастығын ескере отырып, аграрлық секторда ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. Қазақстанның қолайлы географиялық орны бар, оның ішінде Қытай, Ресей, Орталық Азия елдерінің нарықтарына, сонымен қатар қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып, өнімділіктің артуы мен ынтымақтастық перспективалары бар.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Kazakh Invest» Ұлттық компанияның өкілдері агроөнеркәсіптік кешендегі шетелдік инвесторларды қолдау бойынша ҚР Үкіметі қабылдаған шаралар туралы айтты.

Канада Ауылшаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Фред Горелл Қазақстанмен генетика, фермерлік шаруашылықты басқару, агротехнологиялардан басталған ынтымақтастық кеңейіп келе жатқанын және бүгінде қызмет көрсету салалары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, технологиялар трансферті және т.б. салаларында дамутуда.

Канаданың «Feedlot Health Management Systems», «Growsafe Systems», «Bourgault Industries» және «Valmetal» компаниялары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бірлескен табысты жобалар, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту жоспарлары туралы айтты.

Іс-шара нәтижесінде екі елдің ынтымақтастықты нығайтуға, ауылшаруашылық кәсіпорындарының іскерлік бастамаларын қолдауға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған бірлескен қадамдарды атап өтуге мүмкіндік туды.

Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің іс-шаралары аяғында Қазақстан мен Канада үкіметтері, іскер топтары өкілдерінің қатысуымен 25-26 қарашада Іскерлік кеңестің жалпы отырысы өтеді.

Қосымша ақпарат: https://cerbanet.org/event-3671457