Қазақстан мен Канада COVID-19-пен күресу бойынша тәжірибе алмасып, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Канада COVID-19-пен күресу бойынша тәжірибе алмасып, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Канада COVID-19-пен күресу бойынша тәжірибе алмасып, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

19 қарашада онлайн-форматта Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесі шеңберінде Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы Жұмыс тобының отырысы өтті, оған 135-тен астам қатысушылар қатысты.

Қазақстандық және канадалық медициналық сарапшылар, үкіметтер мен бизнес өкілдері денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады, екі елде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасты және өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, медициналық білім беруді дамыту және денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру.

Қазақстан тарапынан жұмыс тобының тең төрағасы – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Қиясов коронавирус эпидемиясы халықаралық ынтымақтастықтың, инфекциямен күресте өзара әрекеттесу мен қолдаудың маңыздылығын көрсетті деп атап өтті. Жұмыс тобының өткізілуі Қазақстан мен Канада арасындағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты жандандыру үшін үлесін қосты.

Канада Ұлттық Микробиология Зертханасының Ұлттық Анықтама Орталығының басшысы, профессор Ф. Суалхин Канадада COVID-19-пен күресу шаралары, инфекцияның таралу ошақтарын локализациялау әдістері, шалғай елді мекендерде тестілеу туралы егжей-тегжейлі айтып шықты.

Білім саласындағы ынтымақтастыққа арналған сессияда халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары, Халықаралық бағдарламалар орталығы, Назарбаев Университетінің қызметтері, сондай-ақ студенттермен алмасу канадалық бағдарламалары мен ғылыми тағылымдамалар туралы мұқият ақпарат алмасу өтті.

Канада Сыртқы істер министрлігі Халықаралық білім Департаментінің директоры Дж.Добни өткен жылдың соңында Канадада 1200-ге жуық қазақстандық студенттер оқыды, 2015 жылмен салыстырғанда 37% -ға көп деп бөлісті. Канада үкіметі канадалық білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттер санын одан әрі көбейту үшін халықаралық оқу бағдарламаларын кеңейтуге мүдделі.

Іскерлік кеңес аясындағы іс-шаралар сериясын жалғастыру мақсатында 23 қарашада Ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар саласындағы Жұмыс тобының отырысы өтеді. Қорытындылай келе, 26 қарашада Қазақстан мен Канада үкіметтері, сондай-ақ іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңестің жалпы отырысы өтеді.

Қосымша ақпарат: https://cerbanet.org/event-3671457