
Канада Қазақстанда жаңа құрылыс технологияларын енгізуді ұсынды
17 қарашада «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесінің Құрылыс және инфрақұрылым саласындағы жұмыс тобының отырысы шеңберінде қазақстандық және канадалық сарапшылар, үкіметтер мен іскер топтардың өкілдері құрылыс саласындағы тәжірибе алмасуды, соның ішінде қала құрылысы, тұрғын үй құрылысында заманауи технологиялар , әлеуметтік және коммерциялық құрылыс мәселелерін талқылады.
Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Жұмыс тобының қатысушыларына ашу сөзінде, Қазақстанның дамуының жоғары динамикасын ескере отырып, шетелдік серіктестермен бірге инфрақұрылым жаңғыртудың мен экономикалық өсімге бағытталған жаңа тенденциялары мен технологияларына ашық екенімізді атап өтті.
Қазақстандық астананың 2030 жылға дейінгі даму жоспарының тұжырымдамасын әзірлеу конкурсына халықаралық сарапшы ретінде қатысқан белгілі канадалық сәулетші, «Geller Group» Президенті Майкл Геллер Британдық Колумбия Үкіметі атынан Қазақстанға ағаш каркастан үй салу технологиясын зерттеу және оны енгізуге қолдау көрсетуді ұсынды. М.Геллердің айтуынша, бүгінде канадалық технологиялар ағаштан көп қабатты тұрғын үй кешендерін салуға мүмкіндік береді, сонымен бірге құрылыс шығындары мен уақытының қысқаруын және экологиялық тазалық пен энергия тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді.
Қазақстандық тарап құрылыс индустриясын дамытудың негізгі бағыттарын, шетелдік инвесторларды қолдау шарттарын, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын іске асыруды ұсынды.
Іскерлік кеңес шеңберінде бірқатар іс-шаралар жалғасуда: 19 қарашада денсаулық сақтау және білім беру саласындағы, ал 23 қарашада ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар саласындағы жұмыс топтарының отырыстары өтеді.
Қосымша ақпарат: https://cerbanet.org/event-3671457