Қазақстан мен Канада арасындағы энергетика және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастық Іскерлік кеңес аясында талқыланды

Қазақстан мен Канада арасындағы энергетика және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастық Іскерлік кеңес аясында талқыланды

Қазақстан мен Канада арасындағы энергетика және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастық Іскерлік кеңес аясында талқыланды

16 қарашада Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесі аясында Энергетика және табиғи ресурстар саласындағы жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шараға екі елден 160-қа жуық адам қатысты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі С.Брекешев пен Индустрия және инфрақұрылымды дамыту Вице-министрі Р.Баймишев өз сөздерінде тау-кен саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, осы саладағы канадалық серіктестермен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты. Қазақстандық тарап «Қазгеология», «Тау-Кен Самұрық», «Kazakh Invest» ұлттық компаниялардың іс-әрекеттері ұсынылды.

Канадалық спикерлер, оның ішінде «Cameco Kazakhstan», сондай-ақ «Invest in Canada» өкілдері осы саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы өз ойларымен бөлісті.

Энергетика бөлімінде жаңартылатын энергия көздері, дәстүрлі энергетика саласындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, аукциондық жүйе бойынша іске асырылатын жаңартылатын энергия көздерінің жобалары, сондай-ақ Қазақстандағы - «Қалдықтардан энергия – Waste to Energy» тұжырымдамасы ұсынылды.

Канада тарапынан Онтарио және Альберта провинциялары үкіметтерінің, және «Condor Petroleum» өкілдері өз сөздерінде, Қазақстанның басымдықтары мен канадалық компаниялардың мүмкіндіктерін ескере отырып, энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы айтты.

Іс-шара «Kazakh Invest» және «Falcon Oil & Gas» тең төрағалығымен және Ресей мен Еуразиядағы канадалық бизнес қауымдастығының (CERBA) қолдауымен ұйымдастырылды.

 2020 жылдың қараша айында онлайн-форматтағы Қазақстан-Канада Іскерлік Кеңесінің (ҚКІК) 4-ші отырысы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Бір ай ішінде әр түрлі салаларда жұмыс топтарының 5 отырысы өтеді: ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені, энергетика, аэроғарыш, көлік, құрылыс және инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім.

Қазақстан мен Канада Үкіметтері мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың, сондай-ақ екі елдің академиялық және қоғамдық топтарының өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңестің Пленарлық отырысы қорытынды ретінде шара өтеді.

Іскерлік кеңестің негізгі тақырыбы «Пандемиядан кейінгі Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастық: қалпына келтіру және даму».

Іс-шара экономиканың басым секторларындағы Қазақстан мен Канада компаниялары арасындағы іскерлік қатынастарды одан әрі дамыту, инвестиция тарту, пандемиядан кейінгі әлемде сауданы дамытуға бағытталған.

Қосымша ақпарат: https://cerbanet.org/event-3671457

 «Қазақстан - Канада» Іскерлік кеңесі (ҚКІК) 2015 жылы құрылды. Содан бері үш кездесу 2016-2017 жж. Нұр-Сұлтанда және 2018 жылы Оттавада өтті. Іскерлік кеңестің тең төрағалары - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғ.Пірматов және «Камеко» компанияның Президенті Т.Гитцель.