Қазақстан мен Канада аэроғарыш және әуе көлігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Канада аэроғарыш және әуе көлігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Канада аэроғарыш және әуе көлігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады

12 қарашада Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесі аясында аэроғарыш және әуе көлігі саласындағы бірінші жұмыс тобының отырысы өтті. Қазақстанда кеш Канадада ерте уақытқа қарамастан, іс-шарада екі елден 100-ге жуық қатысушылар қосылды.

Кездесу барысында ҚР Аэроғарыш комитетінің, сондай-ақ ведомствоның бағынысты ұйымдардың өкілдері Қазақстанның аэроғарыш саласындағы жетістіктерін, даму басымдықтары мен екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктермен таныстырды.

Қазақстандағы азаматтық авиация саласын дамытудың негізгі бағыттарын ҚР Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиация әкімшілігі ұсынды.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Қазақстандағы көлік саласының дамуы мен банктің Қазақстандағы жобаларға қатысуын қарастырды.

Іс-шара барысында пікірталас форматында осы салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдер жасалды.

2020 жылдың қараша айында онлайн-форматтағы Қазақстан-Канада Іскерлік Кеңесінің (ҚКІК) 4-ші отырысы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Бір ай ішінде әр түрлі салаларда жұмыс топтарының 5 отырысы өтеді: ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені, энергетика, аэроғарыш, көлік, құрылыс және инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім.

Қазақстан мен Канада Үкіметтері мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың, сондай-ақ екі елдің академиялық және қоғамдық топтарының өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңестің Пленарлық отырысы қорытынды ретінде шара өтеді.

Іскерлік кеңестің негізгі тақырыбы «Пандемиядан кейінгі Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастық: қалпына келтіру және даму».

Іс-шара экономиканың басым секторларындағы Қазақстан мен Канада компаниялары арасындағы іскерлік қатынастарды одан әрі дамыту, инвестиция тарту, пандемиядан кейінгі әлемде сауданы дамытуға бағытталған.

Қосымша ақпарат: https://cerbanet.org/event-3671457

 «Қазақстан - Канада» Іскерлік кеңесі (ҚКІК) 2015 жылы құрылды. Содан бері үш кездесу 2016-2017 жж. Нұр-Сұлтанда және 2018 жылы Оттавада өтті. Іскерлік кеңестің тең төрағалары - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғ.Пірматов және «Камеко» компанияның Президенті Т.Гитцель.