Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына келуді жоспарлап отырған азаматтарға арналған ЖАДЫНАМА

(2020 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша)

 

Коронавирустың (COVID-19) Қазақстан Республикасының аумағында таралуына жол бермеу мақсатында, ҚР мемлекеттік органдары Қазақстанға келуді жоспарлап отырған азаматтарға қатысты келесі шараларды қабылдады:

Санат

Мемлекет

Санаттарға сәйкес мемлекеттерден келетін азаматтарға  қатысты іс-шаралар

1 а) санат

ҚХР

Иран

Оңтүстік Корея

Италия

Шетелдік азаматтар үшін:

1а) санаттағы елдердің азаматтарына, сондай-ақ 1а) санаттағы елдердің аумағында соңғы 30 күн ішінде болған барлық шетелдіктерге уақытша ҚР-ға кіруге тыйым салу және ҚР визаларын беруді тоқтату.

ҚР азаматтары үшін:

1а) санаттағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы елдерден келген адамдарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, 14 күн бойы карантинге орналастыру.

1 б) санат

Германия 

Испания 

Франция

Шетелдік азаматтар үшін:

1б) санаттағы елдердің азаматтарына, сондай-ақ 1б) санаттағы елдердің аумағында соңғы 30 күн ішінде болған барлық шетелдіктерге уақытша ҚР-ға кіруге тыйым салу және ҚР визаларын беруді тоқтату.

ҚР азаматтары үшін:

1б) санаттағы елдерден келген адамдарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты (келген) жері бойынша үйде оқшаулау (халық көп жиналатын орындарға баруды болдырмай, бекітілген талаптарды сақтай отырып, үйдегі карантинге орналастыру).

2 санат *

Ұлыбритания

Нидерланды 

Швейцария

Денсаулық жағдайына қашықтықтан мониторинг жүргізу.

2 санаттағы елдерден келген азаматтарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкері қоңырау шалу арқылы бақылау жүргізу. 

1а) және 1б) санатындағы елдерден ресми және үкіметтік делегацияларға, сондай-ақ қызметтік және дипломаттық паспорттардың иелеріне, авиакомпаниялар ұшқыштары және экипаж мүшелеріне, локомотив бригадаларына, темір жол көлігінің тасымалдау қызметіне байланысты адамдарға және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты 2 санатты ретінде қоңырау шалу арқылы тұратын орны бойынша медициналық бақылау жүргізіледі.

* Азамат Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұруына құқығы бар (үздіксіз медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін тұлға медициналық ұйымды өзінің орнын ауыстыруы туралы хабардар ету тиіс).

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер арқылы ақпарат алуға болады:

Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі: +1 613 695 8055 (ішкі 230, 231)

Қазақстан Республикасының Торонто қаласындағы консулдығы: +1 416 221 0111 

 

Канадада тұрып жатқан ҚР азаматтары үшін жедел желі телефондары: +1 613 695 8055 (вн. 230, 231), +1 613 981 1713

Дата публикации
08 марта 2020
Дата обновления
22 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 января 2026
ЖСН / e-Residency
31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Facebook
twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары