Қазақстан-Канада қатынастары
Негізгі күндер
1992 ж. 10 сәуір – Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуы.
1997 ж. – Торонто қаласында ҚР консулдығының ашылуы.
2008 ж. мамыр – Канадада ҚР Елшілігінің ашылуы.
2018 ж. сәуір – Ақылбек Әбсатұлы Камалдиновтың ҚР Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалуы.
1994 ж. – 1995 жылы Елшілік мәртебесін алған Канаданың Қазақстан Республикасындағы Дипломатиялық өкілдігінің ашылуы.
2022 ж. ақпан – Алан Хэмсон Канаданың ҚР-дағы Елшісі болып тағайындалуы.
Саяси диалог
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы маусымда Канадаға бірінші ресми сапары болды, ол саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілету үшін берік негіз қалады.
Н.Назарбаев 2016 жылы тамызда Ханчжоуда өткен G20 саммиті барысында Премьер-Министр Дж.Трюдомен кездесті.
2018 жылы желтоқсанда Канаданың генерал-губернаторы Дж.Пайетт Қазақстанға сапармен келіп, ол ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесті және канадалық ғарышкердің Д.Сен-Жак Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуын бақылауға қатысты.
2020 жылы ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаев 56-шы Мюнхен Қауіпсіздік жөніндегі конференциясы аясында Канада Премьер-Министрі Дж.Трюдомен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Халықаралық сахнадағы екіжақты диалогтың күн тәртібінде Жаппай жою қаруын таратпау, терроризм, бітімгершілік және Орталық Азия мәселелері бар. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық форумдар аясындағы ынтымақтастық нығайып келеді.
Соңғы жылдары мемлекеттік органдар басшыларының, парламентарийлер мен іскер топтардың өзара іс-сапарларымен алмасуы белсендірілді. Канада өкілдері Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің жұмысына және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуда.
Парламентаралық диалог шеңберінде 2012, 2014 және 2017 ж.ж. жоғары деңгейдегі парламенттік делегациялармен алмасу болды. Канада парламентінде «Қазақстан-Канада» парламентаралық ынтымақтастық тобы жұмыс істейді.
2022 жылы 23-27 қарашада Қазақстанға Канада Премьер-министрінің ЕО және Еуропадағы арнайы өкілі Стефан Дион келді. Сапар барысында ҚР-ның Премьер-Министрі А.Смаиловпен, ҚР-ның Парламент Сенаты экономикалық саясат төрағасымен, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Д.Әділбековпен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаровпен кездесулер өтті. Сондай-ақ С.Дион Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысына қатысты.
Осы кезеңде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын байқауға және Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысына қатысу үшін канадалық парламенттік делегациясының сапары болды.
2021 ж. 17 наурызда бейнеконференция форматында Қазақстан мен Канада сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар өтті.
Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық
Іскерлік серіктестік Қазақстан мен Канада арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың «локомотиві» болып табылады.
ҚР Ұлттық банкінің 2022 жылғы деректері бойынша ҚР-ға канадалық инвестицияның көлемі 190 миллион АҚШ долларын құрады. Жалпы алғанда, 2005 жылдан бері Канададан Қазақстанға жалпы тікелей шетелдік инвестициялары 5,37 млрд. долларды құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Канада ҚР-дағы 15 ірі шетелдік инвесторлардың қатарына кіреді.
2022 жылы Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымы 838,6 миллион АҚШ долларын құрады, (экспорт – 680,1 млн., импорт – 158,4 млн.), бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 69%-ға артық.
Қазақстанда канадалық капиталдың қатысуымен 164 кәсіпорын жұмыс істейді (Бірлескен кәсіпорын – 60, канадалық қатысу – 104).
Қазақстан-Канада серіктестігі үшін маңызды оқиға 2014 жылы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылып, күшіне енуі болды. Ол уран өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарды, мұнда Қазақстан әлемде бірінші, ал Канада екінші өндіруші болып табылады.
Канаданың негізгі серіктесі ҚР Президентінің Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесіндегі «Cameco Corporation» болып табылады сондай-ақ, 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібіне, соның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бірлесіп «Инкай» бірлескен кәсіпорнын дамыту шеңберінде, 500 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салған.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да маңызды бағыттары тау-кен өндіру, барлау, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Канаданың сыртқы әлеммен іскерлік байланыстарын кеңейтуде шешуші рөл атқаратын канадалық провинциялар деңгейінде, соның ішінде бизнес делегацияларымен тұрақты алмасу жүргізіледі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы М.Шәріпов пен «Cameco» президенті Т.Гитцель 2015 жылы құрылған Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесін (ҚКІК) басқарады. Бүгінгі таңда СККК бес отырысы өтті - 2016-2017 жылдары Астанада, 2018 жылы Оттавада, 2020 жылы онлайн форматында, 2022 жылы Астанада.
ҚКІК-нің жұмысына екі елдің 100-ден астам компаниясы қатысады, үкіметтік топтармен қатар 6 жұмыс тобының отырыстары өткізіледі:
1) тау-кен және табиғи ресурстар;
2) ауыл шаруашылығы және азық-түлік секторы;
3) мұнай-газ секторы (өндіріс пен технология);
4) инфрақұрылым және құрылыс;
5) көлік (соның ішінде темір жол көлігі және азаматтық авиация);
6) қаржы және банк ісі.
Серіктестіктің жаңа перспективалы бағыттарына аэроғарыш, машина жасау, баламалы энергетика, қаржы және банк ісі жатады.
Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Канаданың білім беру саласындағы қарым-қатынасында ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар. Кәсіптік-техникалық, перспективалы салалармен қатар жоғары білім, қолданбалы ғылымдар, ірі технологиялық орталықтарды құру тәжірибесі және т.б.
Білім беру саласындағы негізгі бірлескен жоба Атырау қаласында Оңтүстік Альберта политехникалық институты (SAIT Polytechnic) стратегиялық серіктес болып табылатын «APEC - Petrotechnic» мұнай-газ секторы үшін өңіраралық кәсіби даярлау және қайта даярлау орталығын құру және дамыту болып қала береді.
ҚР-дың Канададағы Елшілігі қазақ диаспорасының және Қазақстаннан бала асырап алған отбасылардың қатысуымен мәдени іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Құқықтық база
Құқықтық база 11 іргелі құжаттан тұрады, олардың ішінде Қосарланған салық салуды болдырмау туралы шарт (1998 ж.), Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт (2003 ж.), атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы үкіметаралық келісім (2013 ж.) ерекше атап өтуге болады.