НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
ҚР Оттава қаласындағы Елшілігіне құжаттарды заңдастыру мәселесі бойынша өтініш білдіру үшін, алдымен тиісті құжатты Канаданың Сыртқы істер министрлігінің Аутентификация қызметтері бөлімінде (Authentication Services Section (JLAC) немесе провинциалдық және территориалдық аутентификация бөлімдерінде заңдастыру қажет.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Құжаттарды заңдастыру үшін Елшілікке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) еркін нысанда жазылған өтініш (өтініш білдірушінің аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі, қолы көрсетілу қажет);
2) паспорттың көшірмесі;
3) заңдастыруға жататын құжат және оның көшірмесі;
!!! шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды куәландырылуы керек;
4) консулдық алым - 35 АҚШ доллары көлемінде «Embassy of Kazakhstan in Canada» атына жасалған түрінде Money order (әр құжат үшін);
5) құжаттарды өкілдер арқылы тапсырған жағдайда құжаттарды тапсыруға өкілдік беретін құжаттың көшірмесі және өкілдік ететін тұлғаның паспорт көшірмесі;
6) Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген конверт (құжаттар поштамен жолданған жағдайда).
1) еркін нысанда жазылған өтініш (компанияның фирмалық бланкінде болуы, онда компанияның атауы, мекенжайы, телефон нөмірі күні және компанияның ресми өкілінің қолы қойылуы тиіс);
2) өтінішке қол қойған адамның паспортының көшірмесі;
3) құрылтай құжаттардың көшірмелері (компанияның бар екендігін растайтын құжаттар);
4) құжаттарды өкілдер арқылы тапсырған жағдайда құжаттарды тапсыруға өкілдік беретін құжаттың көшірмесі және өкілдік ететін тұлғаның паспорт көшірмесі;
5) заңдастыруға жататын құжат және оның көшірмесі;
!!! шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды куәландырылуы керек;
6) консулдық алым - 35 АҚШ доллары көлемінде «Embassy of Kazakhstan in Canada» атына жасалған түрінде Money order (әр құжат үшін);
7) Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген конверт (құжаттар поштамен жолданған жағдайда).