ҚАЗАҚСТАНҒА КІРУ ШЕКТЕУЛЕРІ:
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал түзелгенге дейін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің (азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі уақытша шектеледі. Қосымша ақпарат пен ерекшеліктер үшін мына сілтемені қараңыз.
ПЦР ТЕСТ:
2020 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстанға шет елдерден келетін барлық жолаушылар Covid-19 сынағының теріс нәтижесімен ПТР сертификатын ұсынуы керек. Куәлік нәтиже шыққан күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат ішінде жарамды деп саналады. 5 жасқа дейінгі балаларға сертификат қажет емес. Теріс нәтижесі бар сертификат болмаған жағдайда азаматтар ұшу әуежайынан бортқа жіберілмейді.
ВИЗА:
COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Үкіметі Канаданы қоса алғанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін біржақты визасыз режимді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақытша тоқтатты. Осыған орай Қазақстанға баруды жоспарлап отырған Канада азаматтары виза ресімдеуі тиіс
Қазақстанның халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим уақытша тоқтатылды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
• Құжаттар жеке немесе пошта арқылы қабылданады. Елшілік пошта қызметінің жұмысына жауапты емес.
• Визаны рәсімдеу мерзімі - 5 жұмыс күні.
• Паспорттың жарамдылық мерзімі визаның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 айдан кем болмауы керек.
• Паспортта кем дегенде 2 бос бет болуы керек.
ЕСКЕРТПЕ:
• Келесі 48 мемлекеттің азаматтары үшін А3 (қызметтік), В1, В3 (іскерлік), В10 (жеке) және В12 (туристік) санаттарындағы бір реттік визаларды алу үшін Қазақстаннан шақыру (визалық қолдау) қажет емес: Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Бразилия, Германия, Грекия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Иордания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Қатар, Кипр, Оңтүстік Корея, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мажарстан, Малайзия, Мальта, Монако, Нидерланды, Норвегия, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словакия, Словения, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония.
• Канаданың азаматтары болып табылмайтын, бірақ Канадада тұратын өтініш білдірушілер Канададағы тұрақты тұру мәртебесін растайтын құжаттың (тұрақты тұрғылықты карта, оқу немесе жұмыс рұқсаты) көшірмесін ұсыну қажет.
• Кәмелетке толмаған балаға виза ресімдеу шарттары:
- ата-аналар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттарды (төлқұжат және т.б.) қоса, екі ата-ана қол қойған анкета мен өтінішті ұсынуы керек;
- егер құжаттарды ата-ананың біреуі ұсынса, онда екінші ата-ананың нотариаттық келісімі қажет;
- егер бала ата-анасының бірінің толық қамқорлығында болса, оны растайтын құжатты ұсыну керек.
ЖҮКТЕУ
ВИЗА САНАТТАРЫ
Іскерлік (В1)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында 60 күнге дейін болу құқығы бар, көпмәртелі - 1 жылға дейін және ҚР аумағында әрбір кірген кезде 60 күнге дейін болу құқығы бар;
Іскерлік (В2)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында 30 күнге дейін болу құқығы бар, көпмәртелі - 180 күнге дейін және ҚР аумағында әрбір кірген кезде 90 күнге дейін болу құқығы бар;
Іскерлік (В3)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында 30 күнге дейін болу құқығы бар, көпмәртелі - 1 жылға дейін және ҚР аумағында әрбір кірген кезде 30 күнге дейін болу құқығы бар;
Талаптар:
бірмәртелі виза - 80 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза - 200 АҚШ доллары.
6. Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген пошталық конверт (өтініш білдіруші паспортты өзі алып кету мүмкіндігі болса, төленген пошталық конвертті ұсыну қажет емес).
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін (В8)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында осы кезең бойы болу құқығы бар;
көпмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында осы кезең бойы болу құқығы бар.
Талаптар:
бірмәртелі виза - 180 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза - 300 АҚШ доллары.
6. Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген пошталық конверт (өтініш білдіруші паспортты өзі алып кету мүмкіндігі болса, төленген пошталық конвертті ұсыну қажет емес).
ҚР аумағында тұруға ықтиярхатты ресімдеу үшін қосымша құжаттар талап етіледі, құжаттар тізімін алдын-ала анықтау қажет.
Жеке сапарға арналған виза (В10)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында осы кезең бойы болу құқығы бар;
көпмәртелі - 180 күнге дейін және ҚР аумағында әрбір кірген кезде 90 күнге дейін болу құқығы бар.
Талаптар:
бірмәртелі виза - 80 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза - 200 АҚШ доллары.
6. Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген пошталық конверт (өтініш білдіруші паспортты өзі алып кету мүмкіндігі болса, төленген пошталық конвертті ұсыну қажет емес).
Жеке сапарға арналған виза (С10). Этникалық қазақтарға беріледі, растайтын құжаттарды ұсыну қажет (мәселен, туу туралы куәлік және т.б.).
көпмәртелі - 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі (бірінші рет 1 жылға дейін беріледі).
Талаптар:
Туристік виза (В12)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында 30 күнге дейін болу құқығы бар;
көпмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында әрбір кірген кезде 30 күнге дейін болу құқығы бар.
Талаптар:
бірмәртелі виза - 60 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза - 90 АҚШ доллары.
6. Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген пошталық конверт (өтініш білдіруші паспортты өзі алып кету мүмкіндігі болса, төленген пошталық конвертті ұсыну қажет емес).
Транзиттік виза (В13)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында бір бағытта 5 күнге дейін бойы болу құқығы бар;
көпмәртелі - 180 күнге дейін және ҚР аумағында бір бағытта 5 күнге дейін болу құқығы бар.
Талаптар:
бірмәртелі виза - 20 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза - 90 АҚШ доллары.
7. Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген пошталық конверт (өтініш білдіруші паспортты өзі алып кету мүмкіндігі болса, төленген пошталық конвертті ұсыну қажет емес).
Жұмыс істеу үшін виза (С3)
бірмәртелі - 90 күнге дейін және ҚР аумағында осы кезең бойы болу құқығы бар;
көпмәртелі - 3 жылға дейін және ҚР аумағында осы кезең бойы болу құқығы бар.
Талаптар:
бірмәртелі виза - 80 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза 1 жылға дейін - 200 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза 2 жылға дейін - 400 АҚШ доллары;
көпмәртелі виза 3 жылға дейін - 600 АҚШ доллары.
7. Қайтарма мекенжай көрсетілген төленген пошталық конверт (өтініш білдіруші паспортты өзі алып кету мүмкіндігі болса, төленген пошталық конвертті ұсыну қажет емес).