• Электрондық виза (іскерлік - В1, В2, В3, туристік - В12 және емделу үшін - С12 санаттары) Визалық және көші-қон порталы арқылы кейбір елдердің азаматтарына ғана ресімделеді (тізім төменде көрсетілген).
• Электрондық визаны алу үшін ВКП-да тіркеу (http://vmp.gov.kz/) және мына мәліметтерді көрсете отырып, жеке деректерді толтыру жүзеге асырылады:
1) ҚР ІІМ-де тіркелген шақырудың нөмірі, күні (шақырудың нөмірі мен берілген күнін визаны алушыға шақырушы тарап хабарлайды);
2) консулдық алым төлеу.
• Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлардағы бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына келеді және кетеді.
• Ресімделген электрондық визада және шетел азаматының жеке басын куәландыратын жол жүру құжатында ақпараттың сәйкес келмеуі анықталса, электрондық виза жарамсыз деп танылады және Қазақстан Республикасына кіруден бас тартуға себеп болуы мүмкін.
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту және елде болу кезiнде шетел азаматтың жарамды жол жүру құжаты (паспорт) және баспа түрiндегi электрондық визасы болуы керек.
• Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:
1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;
2) визаларға арналған кемінде 2 таза бет болуы тиіс;
3) қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс;
4) қолдану мерзімін ұзарту туралы белгілер болмауы тиіс.
• Азаматтарына бір мәртелік электрондық визалар ресімделетін елдердің тізімі:
- Алжир Халық Демократиялық Республикасы
- Ангола Республикасы
- Андорра Княздігі
- Антигуа және Барбуда
- Аруба
- Багам аралдары достастығы
- Бангладеш Халық Республикасы
- Барбадос
- Белиз Республикасы
- Бенин Республикасы
- Көпұлтты Боливия мемлекеті
- Босния және Герцеговина
- Ботсвана Республикасы
- Бруней-Даруссалам мемлекеті
- Буркина-Фасо
- Бурунди Республикасы
- Бутан Корольдігі
- Вануату Республикасы
- Боливариан Венесуэла Республикасы
- Габон Республикасы
- Кооперативті Гайана Республикасы
- Гаити Республикасы
- Гамбия Республикасы
- Гана Республикасы
- Гватемала Республикасы
- Гвинея Республикасы
- Гвинея-Бисау Республикасы
- Гондурас Республикасы
- Арнайы Гонконг әкімшілік ауданы
- Гренада
- Джибути Республикасы
- Доминика Достастығы
- Доминикан Республикасы
- Мысыр Араб Республикасы
- Замбия Республикасы
- Зимбабве Республикасы
- Үндістан Республикасы
- Иран Ислам Республикасы
- Камбоджа Корольдігі
- Камерун Республикасы
- Кения Республикасы
- Кирибати Республикасы
- Корей Халық Демократиялық Республикасы
- Қытай Халық Республикасы
- Комор аралдары
- Конго Республикасы
- Коста-Рика Республикасы
- Кот-д’Ивуар Республикасы
- Куба Республикасы
- Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы
- Лесото Корольдігі
- Либерия Республикасы
- Ливан Республикасы
- Маврикий Республикасы
- Мавритания Ислам Республикасы
- Мадагаскар Республикасы
- Макао арнайы әкімшілік аймағы (Аомынь)
- Солтүстік Македония Республикасы
- Малави Республикасы
- Мали Республикасы
- Мальдив Республикасы
- Марокко Корольдігі
- Маршалл аралдары Республикасы
- Микронезия
- Мозамбик Республикасы
- Мьянма Одағының Республикасы
- Намибия Республикасы
- Науру Республикасы
- Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы
- Нигер Республикасы
- Нигерия Федеративті Республикасы
- Никарагуа Республикасы
- Палау Республикасы
- Панама Республикасы
- Папуа-Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті
- Парагвай Республикасы
- Перу Республикасы
- Руанда Республикасы
- Эль-Сальвадор Республикасы
- Сан-Марино Республикасы
- Самоа Тәуелсіз Мемлекеті
- Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы
- Эсватини Корольдігі
- Сейшель аралдары Республикасы
- Сенегал Республикасы
- Сент-Винсент және Гренадины
- Сент-Китс және Невис Федерациясы
- Сент-Люсия
- Суринам Республикасы
- Сьерра-Леоне Республикасы
- Біріккен Танзания Республикасы
- Тоголез Республикасы
- Тонга Корольдігі
- Тринидад және Тобаго Республикасы
- Тувалу
- Тунис Республикасы
- Түрікменстан
- Уганда Республикасы
- Шығыс Уругвай Республикасы
- Фарер аралдары
- Фидж Республикасы
- Орталық Африка Республикасы
- Чад Республикасы
- Черногория
- Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы
- Эритрея Мемлекеті
- Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы
- Оңтүстік Африка Республикасы
- Ямайка