Онтарио провинциясындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі ағымдағы жылдың 5-30 қазан аралығында қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Осыған байланысты көрсетілген мерзімде құжаттар пошта арқылы тек келесі қызмет түрлері бойынша қабылданады - Құжаттарды заңдастыру, Консулдық есепке тіркеу және тіркеуден шығару, Құжаттарға сұраныс, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу. Қызметтің басқа түрлеріне құжаттар қабылдау уақытша тоқтатылды. Барлық сұрақтар бойынша электронды поштаға хабарласыңыз - consul.ottawa@mfa.kz.