Қазақстандағы 80%-дан астам мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ көмегімен Egov.kz порталы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай алуға болады.
ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу туралы нұсқаулық
Ол үшін:
- Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының түпнұсқасы болуы;
- SMS хабарламаларын қабылдау мүмкіндігі бар телефонның болуы;
- Компьютеріңізде веб-камера болуы;
- Компьютеріңізге NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет.
Egov.kz порталына кіріңіз, басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз және қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
- Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
- ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
- Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
- Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
- Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
- Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
- Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
- Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
- Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
- Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
- Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
- Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
- Сертификатты жүктеңіз.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2616910101856203&id=1751847725029116