
Негізгі даталар
- 1992 ж. 10 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Канада арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
- 2008 ж. мамырдан бастап Канаданың Оттавa қаласында ҚР Елшілігі және Торонто қаласында Консулдығы жұмыс істейді.
- 2023 ж. шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Құсайынов Даулетбек Қайырбекұлы.
- 1994 ж. Канада Республикасының Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі ашылып, 1995 ж. Елшілік мәртебесін алды. 2019 ж. бастап Астана және Алматы қалаларында Канада визалық орталықтары қызмет көрсетуде.
- 2025 ж. қаңтардан бастап Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Кристофер Дагган.
Саяси диалог
- Жоғары деңгейдегі сапарлар: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Канадаға жалғыз ресми сапары 2003 ж. маусымда өтті.
- 2016 ж. тамызда Н.Назарбаев ҚХР Ханчжоу қаласында өткен G20 Саммиті аясында Канада Премьер-министрі Дж.Трюдомен кездесті.
- 2013 ж. 13 қарашада алғаш рет Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрд Астанаға сапармен келді.
- 2018 ж.желтоқсанда Қазақстанға алғаш рет Канада Генерал-губернаторы Дж.Пайетт келді.
- 2020 ж. 14 ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Канада Премьер-министрі Дж.Трюдомен кездесті.
- 2022 ж. 1 желтоқсанда Польшада өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Канада Сыртқы істер министрі М.Жолимен келіссөздер жүргізді.
- 2023 ж. 30 қарашада Македонияда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 30-отырысы барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Канада СІМ Парламенттік хатшысы Р.Олифантпен кездесті.
- 2024 ж. 22 қазанда канадалық тараптың бастамасымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Канада Сыртқы істер министрі М.Жолимен телефон арқылы сөйлесті.
- Қазақстан мен Канада сыртқы істер ведомстволары арасында министр орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 2023 ж. маусымда Астанада консультациялардың 3-раунды өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
- 2025 ж. қаңтар-маусым аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 85,5 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 22,3 млн, импорт – 63,2 млн), бұл 2024 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда (119,8 млн АҚШ долл.) 28,6%-ға төмен.
- 2024 ж. тауар айналымы 509,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (499 млн АҚШ долл.) 2%-ға артық.
- Қазақстанның Канадаға негізгі экспорт тауарлары: уран, құбырлар, тігіссіз түтіктер мен профильдер, ферросплавтар, антидетонаторлар, антиоксиданттар, ингибиторлар, қоюландырғыштар.
- Қазақстанға импортталатын тауарлар: турбиналық қозғалтқыштар, автомобильдер мен көлік құралдары, жұмыс құралдары, қара металдан жасалған әртүрлі бұйымдар.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
- Білім беру саласындағы басты бірлескен жоба – Атырау қаласында құрылған мұнай-газ саласына кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі «APEC – Petrotechnic» өңіраралық кәсіби орталығы. Бұл жобадағы стратегиялық серіктес – Оңтүстік Альберта политехникалық институты (SAIT Polytechnic).
- 2020 ж. 10 желтоқсанда Торонто қаласында «Канададағы қазақ мәдениеті мен қазақстандықтар Ұлттық орталығының» онлайн ашылуы өтті.
- 2025 ж. мамырда Satbayev University Канада ЖОО-ларымен (Thompson Rivers University, Ontario Tech University және Kwantlen Polytechnic University) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Шарттық-құқықтық база
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы Сауда келісімі (1997 жылғы 10 қаңтарда күшіне енді).
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы табысқа және капиталға салынатын салықтарға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция және оған Қосымша хаттама (1998 жылғы 30 наурызда күшіне енді).
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім (2014 жылғы 14 тамызда күшіне енді).