Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық іс-қимыл күні шеңберінде отандық дипломаттар "Bike for Peace" ("велосипедшілер бейбітшілік үшін") қозғалысымен бірлесіп Шығыс Норвегия қалалары бойынша антиядролық веложарыс ұйымдастырды.
Брумундаль қаласында өткен салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов, Рингсакер коммунасының мэрі Анита Иле Стин, беделді норвегиялық саясаткер, "Bike for Peace" қозғалысының негізін қалаушы Торе Нэрланд, ҮЕҰ өкілдері, антиядролық қозғалыс пен қоғам белсенділері қатысты.
Қазақстан Елшісі өз сөзінде, басты бағыттарының бірі ядролық қаруға қарсы күрес пен қаруды таратпаудың жаһандық мәселелері болып табылатын еліміздің сыртқы саяси бастамалары туралы айтып берді.
"Қазақстан Тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі төртінші ядролық әлеуетке ие болды. Бұл ел өз еркімен барлық ядролық қаруын бөлшектеді. Бұл басқа ядролық елдер үшін үлгі", - деп атап өтті өз сөзінде "Bike for Peace" қозғалысының президенті Торе Нэрланд.
Брумундальдан Хамар қаласына жеткен веложарысқа қатысушыларды қала мэрі Эйнар Бустеруд қарсы алды. Қысқа үзілістен кейін жарысқа қатысушылар Хамардан Штангта жүрді, онда оларды мэр Нильс Рене де қарсы алды.
Веложарысқа қатысу аясында Қазақстан Елшісі Брумундал, Хамара және Штанге қалаларының әкімдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында өзінің сұхбаттасушыларын Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жуырда жариялаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі" Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды, коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша біздің ел басшылығының қабылдаған шаралары туралы айтып, ауыл шаруашылығы, "Жасыл" экономика, жаңартылған энергия көздері сияқты салалардағы өзара іс-қимылдың тиімді бағыттарын талқылады.
Алты күнге созылатын веложарыс барысында қатысушылар Шығыс Норвегияның бірнеше қалаларына барады.