РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрметті отандастар!

2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07.00 ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №443 сайлау учаскесінде елімізде Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді.

Елшіліктің мекенжайы: St. Olavs gate 21B, 0165 Oslo.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумда дауыс берушілер тізіміне енгізу болып табылады.

Дауыс берушілер тізіміне Норвегияда тұрақты немесе уақытша тұратын және Қазақстан Республикасының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

Құрметті азаматтар!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін өзіңіздің деректеріңізді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) алдын-ала oslo_consul@mfa.kz электрондық мекенжайға «Республикалық референдум» белгісімен ақпарат жіберуіңіз қажет.

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан алуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз: +4741862718.
⠀
Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі.