
Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Ругаланн провинциясына жұмыс сапарымен барды.
Брюне қаласында Әділ Тұрсынов «Бейбітшілік үшін веложарыстар» («Bike for Peace») қозғалысының жетекшісі Торе Нэрландтың 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға қатысты. Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес (2024 жылғы 23 сәуірдегі №526) Торе Нэрланд II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын жариялады.
Анықтама: «Бейбітшілік үшін веложарыстар» («Bike for Peace») қозғалысының мақсаты ядролық қарусыз бейбітшілікті насихаттау болып табылады. 1977 жылы құрылғаннан бері қозғалыс барлығы 120 елде 250 велотур ұйымдастырылды. «Бейбітшілік үшін веложарыстар» («Bike for Peace») Қазақстанмен ынтымақтастықта көп жылдық және жемісті тәжірибесі бар. 2011 жылы Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 20 жылдығына орай оның белсенділері Семей-Алматы-Астана көпкүндік веложарысын ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Сула коммунасының Мэрі Янне Стангеланд Регемен және Сула коммунасының бұрынғы Мэрі Том Хеннинг Слетхеймен кездесулер өткізді.
Әділ Тұрсыновтың Норвегияның Қазақстандағы қоса атқарушы бұрынғы Елшісі (2000-2008 жж., Мәскеу қ. орналасқан жерімен) Ойвинд Нордслеттенмен әңгімелесуі қызықты болды.
Елші сұхбаттасушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, сондай-ақ еліміздің экономикалық әлеуеті туралы хабардар етті. Тараптар Қазақстан-Норвегияның өңіраралық ынтымақтастығын құру перспективаларын қарастырып, болашақта Брюне мен Сула қалаларында бірлескен іскерлік шаралар өткізу жоспарларын талқылады.
Бұдан бөлек Әділ Тұрсынов Ругаланн провинциясындағы бірқатар кәсіпорындарға, соның ішінде «Квернеланд Груп» («Kverneland Group») заманауи ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауытына, Норвегиядағы «Тине» («Tine») сүт өнімдерін өндіретін ірі компанияның зауытына және «Экологиялық бақ» («Miljøgartneriet») компаниясының көкөніс өсіретін жылыжайына барды.
Жалпы, сапар норвегиялық қалаларының елімізбен танысуға, сондай-ақ Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға деген кең келешегі мен өсіп келе жатқан қызығушылығын көрсетті.