
Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Жоғары білім және зерттеулер министрі Оддмунд Хоэлмен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Астана мен Осло арасындағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі мен перспективалары туралы пікір алмасты.
Әділ Тұрсынов Норвегия министріне Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің дамуы, сондай-ақ еліміздің студенттері жетекші университеттерде, оның ішінде Норвегияда білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы туралы хабарлады.
Өз кезегінде министр Еуропалық Одақтың қазақстандық студенттерге «Эразмус+» («Erasmus+») оқушылар мен оқытушылармен алмасуға арналған стипендиялық бағдарламаға және Еуропалық Одақтың «Горизонт Еуропа» («Horizon Europe») ғылыми-зерттеулер және инновациялар саласындағы негіздемелік бағдарламасын пайдалану мүмкіндігіне назар аударды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі басшылығының Норвегияға сапарын биыл ұйымдастыру жоспарларын талқылады.