
Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Климат және қоршаған орта министрі Андреас Бьелланд Эриксенмен кездесті.
Әділ Тұрсынов норвег министрін Астананың экологиялық және климаттық күн тәртібі, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қойған 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттерді орындауға бағытталған еліміздің Үкіметінің шаралары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Андреас Бьелланд Эриксен еліміздің қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол Норвегия Қазақстанмен тараптар үшін өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастық орнатуға дайын екенін атап өтті. Бұл тұрғыда министр Ослоның пластикалық қалдықтарды басқару тәжірибесімен бөлісуге дайындығына ерекше назар аударды.
Әңгімелесу барысында тараптар сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәнмәтініндегі «жасыл дипломатияның» жағдайы мен келешегін талқылады.
Сұхбаттасушылар алдағы уақытта жұмыс байланыстарды жалғастыруға келісті.