
Қазақстанның пара хоккей құрамасы Норвегияның Шиен қаласында өткен 2024 жылғы Әлем чемпионатында («Б» тобы) сәтті өнер көрсетті.
Турнирге Қазақстан, Норвегия, Франция, Германия, Ұлыбритания және Швеция құрамалары қатысты.
Ұлыбритания мен Франция құрамаларымен болған соңғы екі ойында біздің спортшылар жеңіске жетіп, төртінші орынға ие болды.
Әлем чемпионатында қол жеткізген осындай жоғары нәтиже біздің құрамаға жоғарғы «Б» тобында қалуға мүмкіндік берді.
Біздің құраманы осы тамаша жетістікпен құттықтай отырып, жігіттерге алдағы маңызды жарыстарда сәттілік тілейміз!
Өз кезегінде Норвегия құрамасы бірінші орынды иеленіп, келесі жылы «А» пулында өтетін ойындарда өнер көрсетеді – Норвегиялық құраманы бұл табыспен құттықтаймыз!