
Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған бизнес-семинарға норвег Иннландет провинциясының Лиллехаммер, Йовик, Хамар муниципалитеттеріндегі коммерциялық өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлер топтарына Қазақстанда бизнес жүргізу шарттары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі инвестициялық преференциялар мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Елші Еркін Ахинжанов ауыл шаруашылығы, туризм мен спорт салалары, жаңартылатын энергия көздері, Қазақстанның транзиттік және көлік әлеуеті секторлары жайында толығырақ айтып шықты.
Норвегиялық компаниялар - қар жинау жабдықтарын, сыртқы электро аккумуляторларын өндірушілері, сондай-ақ туристік инфрақұрылым салу жөніндегі компания қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
Өзара тиімді бағыттар бойынша диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.