Лиллехаммерде Елбасы кітаптары таныстырылды

Лиллехаммерде Елбасы кітаптары таныстырылды

Лиллехаммерде Қазақстан Елшілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың норвег және ағылшын тілдеріндегі кітаптарын жергілікті жұртшылыққа таныстырды.

Елші Еркін Ахинжанов Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөлі, ядролық қарусыздану процесі, еліміздің экономикалық әлеуеті мен халықаралық бастамалары туралы айтып шықты.

1994 жылы Қысқы Олимпиада мен 2016 жылы Жасөспірімдер Олимпиадасын қабылдаған Лиллехаммер тұрғындары қазақстандық спорт жетістіктері, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен еліміздің облыстарындағы спорттық инфрақұрылымы жайындағы фотокөрмемен аса қызыға танысты.

Көрме қонақтары арасында Лиллехаммер қаласының мэры Ингун Тросхолмен, Стортинг депутаты Ридмор Осеруд, олимпиада чемпиондары Владимир Смирнов пен Эрлинг Евне, қоғам және іскер топ өкілдері болды.

Норвегияда Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» (2009 ж.) және «Бейбітшілік кіндігі» (2019 ж.) кітаптары жарық көрген. Аудармашы әрі саясаттанушы Николай Геров «Бейбітшілік кіндігі» кітабын аудару бойынша жұмысы туралы әңгімелеп берді.