
Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов пен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ядролық энергетика технологиялары департаментінің директоры Зуриат Сауатова Норвегияның Мұнай және энергетика министрлігінің Бас хатшысы Элизабет Саетермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары, еліміздің мұнай-газ және энергетика секторларының жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «жасыл экономикаға» көшу шаралары туралы хабардар етті.
Кездесу тараптардың энергетика саласындағы Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығын жандандыруға өзара мүдделілігін көрсетті.
Сұхбаттасушылар осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.