Нарвик қаласында Қазақстан-Норвег экономикалық байланыстары талқыланды

Нарвик қаласында Қазақстан-Норвег экономикалық байланыстары талқыланды

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Нарвикке жұмыс сапарымен барып, онда қала Әкімінің орынбасары Руне Остергренмен, Нарвик портының директоры Борге Клинганмен және жергілікті іскер топтардың өкілдерімен келіссөздер өткізді.

Нарвик қаласы Әкімінің орынбасары Р.Остегренмен кездесуі барысында Елші Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп отырған саяси реформалар және еліміздің экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, Қазақстан мен Норвегия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты орнату перспективаларын, сондай-ақ Нарвик қаласында Қазақстанның құрметті консулын тағайындау мүмкіндіктерін талқылады.

Нарвик портының директоры Б.Клинганмен Қазақстанмен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Тараптар өзара сауда көлемінің ұлғаюын атап өтіп, оның ішінде норвегиялық балық өнімдерін елімізге импортын және қазақстандық бидай, энергетикалық ресурстар және басқа да өнімдердің экспортын құптады. Бұл тұрғыда Нарвик порты мен Қазақстандық Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы жүк тасымалдауды одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар Ә.Тұрсынов Odd Lundberg AS компаниясының басшылығымен Қазақстанға норвегиялық балық экспортының көлемін ұлғайту және норвегиялық Bane NOR темір жол тасымалы компаниясымен ТХКБ-ге назар аудара отырып теміржол бағыттарын дамыту мақсатында кездесулер өткізді.

Жалпы, сапар жергілікті билік пен іскер топтардың Қазақстанға шығатын сауда қатынастары мен көлік-логистикалық бағыттарын дамыту аясында өзара ынтымақтастыққа мүдделілігін көрсетті. Тараптар сауда, инвестиция, көлік және логистика салаларындағы бірлескен іс-шараларға баса назар аудара отырып, екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өңіраралық ынтымақтастықты жандандыруға келісті.