9 мамырда Жеңіс күнін мерекелеу барысында Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшісі Еркін Ахинжанов Ослодағы «Вестре Гравлунд» зиратында кеңес әскерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Бұл зиратта орнатылған Норвегияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған 347 кеңес жауынгері жатқан мемориалында «Норвегия сіздерге алғысын білдіреді»-деп жазылған.
Осы рәсімге Норвегияда аккредиттелген Ресей Федерациясының Елшісі Теймураз Рамишвили мен Сербия Республикасының Елшісі Сузанна Бошкович, және де норвегиялық қоғамдық пен ұлттық орталықтардың өкілдері қатысты. Аталған елшілер югослав партизандарына орнатылған обелискісіне де гүл шоқтарын қойды.
Кеңес әскері Норвегияның солтүстігін 1944 жылдың күзінде Петсамо-Киркенес операциясы аясында азат еткен. Жуырда Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі айтылудағы операция қарсаңында және оның барысында қаза болған 67 қазақстандық жауынгердің есімдерін анықтап жариялады.
Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Норвегиядағы фашистік лагерьлер жүйесінен 100 мыңнан астам кеңес әскери тұтқындары өткен, олардың 15 мыңнан астамы Норвегия жерінде мәңгілікке қалды. Қазақстандық дипломаттар Норвегиядағы үш әскери зиратта жатқан 44 қазақстандық жауынгердің есімін анықтады. Бұл жұмыс жалғасуда.