Қазақстан Елшісі Норвегияның Стортингі президентімен кездесті

Қазақстан Елшісі Норвегияның Стортингі президентімен кездесті

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Стортингі Президенті Масуд Гараханиге сыпайылық сапарымен барды.

Елші Норвегия парламентінің басшысын Қазақстанның қазіргі дамуы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалары, еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттары, Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті.

Стортинг президенті Қазақстандағы парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барысына қызығушылық танытты.

Әңгімелесушілер Қазақстан-Норвегия парламентаралық байланыстарын одан әрі нығайтуға үлес қосуға келісті.

Сүреттерді Стортинг Әкімшілігі ұсынды.