Лиллехаммерде қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

Лиллехаммерде қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

Норвегияның Лиллехаммер қаласының маңындағы Йорстадмоен әскери зиратында Кеңес жауынгерінің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Шара 8 мамырда атап өтілетін Норвегияны азат ету күніне арналған.

Рәсімге Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов, Лиллехаммер қаласының мэрі Ингун Тросхолмен, сондай-ақ Йорстадмоен әскери базасының қолбасшылығы мен жергілікті қорғаныс гвардиясы қатысты. Мемориалда Қазақстан мен Норвегияның тулары көтерілді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияланған Норвегиядағы концлагерьлерде 15 мыңнан астам кеңестік әскери тұтқындар қаза тапты. Йорстадмоенде 954 тұтқын жерленген.

Соңғы жылдары Қазақстан Елшілігі 1941-1945 жылдары Норвегияда жерленген 74 қазақстандық жауынгердің есімін анықтады. Йорстадмоен әскери зиратында 11 сарбаз жерленген. Қазақстандық жауынгерлерді анықтау жұмыстары жалғасуда.

2023 жылдың екінші жартысында Норвегия билігі Йорстадмоен зиратында жауынгерлердің есімдері жазылған мемориалдық тақта орнатуды жоспарлап отыр.