Қазақстандық Ескендір Нұғыманов Норвегияның ең үздік допты хоккейші атанды

Қазақстандық Ескендір Нұғыманов Норвегияның ең үздік допты хоккейші атанды

Норвегиялық «Ready» клубының шабуылшысы Ескендір Нұғыманов Норвегияның допты хоккей чемпионатының Жыл ойыншысы болып танылды.

Ескендір Нұғыманов Оралда туып өсті. Бұрын оралдық «Ақжайық», ресейлік «Зоркий» және норвегиялық «Høvik» клубтары үшін ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады. Былтырдан бастап ослолық «Ready» клубы үшін өнер көрсетеді. Биыл «Ready» Норвегия чемпионатының элиталық сериясының жеңімпазы болды және «Fair Play» сыйын жеңіп алды.

«Норвегия чемпионатының элиталық сериясы клубтары атынан Ескендір Нұғымановты «2019/20 Жыл ойыншысы» атағымен құттықтаймыз!», - деді өз мәлімдемесінде Норвегиялық бенди (допты хоккей) ассоциациясы.

Норвег тілінде толық ақпарат - https://bandyforbundet.no/?p=47917&mID=71&mAct=0