Қазақстан Елшісі Стортинг депутаттарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Стортинг депутаттарымен кездесті

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов норвегиялық Стортингтің депутаттары Александр Стоккебө және Борд Андре Хоксрүдпен кездесті.

Норвегиялық депутаттар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясы құрамындағы сайлауды бақылау үшін осы күндері Қазақстанға аттанады.

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформаға сәйкес Мәжіліс сайлауында аралас пропорционалды-мажоритарлық модель қолданылады, жаңа саяси партиялар қатысады, әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 30 пайыздық квотаға құрылады.

Қазақстан еркін, ашық және әділ сайлау өткізуге міндеттемесін жариялады. Осыған байланысты сайлауды байқаушылардың рөлі зор. Сайлау барысын бақылау үшін еліміз 10 халықаралық ұйым мен шет мемлекеттерден ондаған байқаушыларды шақырды.