
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді.
Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.
Норвегияда уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын Ослодағы Қазақстан Елшілігінің жанындағы № 417 сайлау учаскесінде өзіңіздің азаматтық ұстанымыңызды білдіруге шақырамыз.
Сайлау учаскесі St. Olavs gate 21B, 0165 Oslo мекен-жайында 2023 жылғы 19 наурызда (жексенбі) сағат 07:00 – 20:00 аралығында ашық болады.
Сайлау күні қолыңызда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс.
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Норвегиядағы Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) oslo_consul(at)mfa.kz электрондық мекенжайларға алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 417 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+ 47 418 62 718
Сіздерді құқықтық сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!
ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!