Ослода Қазақстан Республикасының күні атап өтілді

Ослода Қазақстан Республикасының күні атап өтілді

Ослода Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күніне орай салтанатты қабылдау өтті.

Елімізді құттықтауға норвегиялық қоғам, бизнес өкілдері, танымал спортшылар, өнер қайраткерлері, дипломатиялық корпус, қазақ диаспорасының өкілдері келді.

Қонақтар алдында сөз сөйлеген Елші Еркін Ахинжанов 1990 жылы 25 қазанда еліміздің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған Республика күнінің Қазақстан тарихындағы маңызына тоқталды. Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген конституциялық реформа, әлеуметтік-экономикалық даму, алдағы президенттік және парламенттік сайлаулар туралы хабардар етті.

«Биыл біз сондай-ақ Қазақстан мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өттік. Норвегия біздің Еуропадағы маңызды серіктесіміз. Конструктивті саяси диалог дамып келеді. Жақында қазақстандық парламенттік делегацияның Ослоға жемісті сапары болды. Екі жақ та өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда.

Қазақстанның Норвегиядағы Құрметті консулы Кристиан Миккел Доблуг Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл» медалімен марапатталды.

Республика күніне тарту ретінде қазақстандық және норвегиялық белгілі скрипкашы Алмас Қарақыстық «Назқоңыр» (Сегіз сері) және «Бозайғыр» (Е.Брусиловский) шығармаларын көрермендерге орындап берді.