
3 желтоқсанда Осло қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің қарсаңында салтанатты қабылдау өтті.
Елімізді құттықтап іс-шараға норвегиялық қоғамдастық пен бизнес өкілдері, мәдениент қайраткерлері және Ослодағы дипломатиялық корпустың мүшелері қатысты.
Ұлттық киімді қазақстандық пен норвегиялық балалар хоры Қазақстан мен Норвегияның әнұрандарын орындап шықты. Осыдан кейін, бір күн бұрын Ослода концерт бірген қазақ этно-фольклорлық «Ұлы Дала» тобы қонақтардың алдында өнерін көрсетті және Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Жаңа Қазақстан» атты фотокөрмесін ұсынды.
Қонақтардың алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов Тәуелсіздік күнінің Қазақстан тарихындағы маңыздылығы, Тұңғыш Президент - Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи бақуатты ел құрудағы және Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары туралы баяндап берді.
Е.Ахинжанов Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігінің достықты нығайтуға, экономикалық байланыстарды, ғылыми, мәдени мен гуманитарлық алмасуларды белсеңдетуі мақсатында жаңа идеяларға ашықтығына аса назар аударды. Елші қазақстандық-норвегиялық жан-жақты ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталатынына өз сенімін білдірді.