
Тәуелсіздік күні қарсаңында Норвегия Корольдігінің бейресми ретінде мұнай астанасы саналатын Ставангер қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақстан Күнін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері және «Әміре» фильмнің көрсетілімі орын алды.
Елші Еркін Ахинжанов «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысқан Ругаланд провинциясының іскер топтары мен ҮЕҰ өкілдеріне Тәуелсіздік күннің мағынасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның жаңа тарихындағы рөлі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары, еліміздің сыртқы саяси, оның ішінде жаһандық қарусыздану саласындағы, басымдықтары туралы айтып берді.
«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев алғашқылардың бірі болып ядролық қаруды апатты салдарсыз қолданған мүмкін емес екенін түсінді. Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы жаһандық бастамалары бүкіл әлемге танымалы және бейбітшілікті нығайтуға қосқан ықпалды үлесі болып, зор құрметке иеленген», - деп шара аясында атап өтті «Велошабандоздар Бейбітшілік үшін» атты антиядролық қозғалысының негізгі қалаушысы мен жетекшісі Торе Нэрланд.
Шетелдік жариялануында «Париж әні» ретінде танымал «Әміре» фильмінің Ставангер қаласының орталық «ODEON Kino» кинотеатрында орын алған көрсетілімі алдында Елші бұл фильм халықаралық жоба екенін белгіліп айтты. «Нақты оқиғаларға негізделген фильмде қазақтың нағыз күмбезі Әміре Қашаубаев қазақтың вокалды мен орындаушылық өнерін және ұлттық домбыра аспабын еуропалық жұртшылыққа тұңғыш рет Париждегі «ЭКСПО-1925» көрмесі шеңберінде өткен Дүниежүзілік музыкалық байқауда дүр сілкіндіріп таныстырады. Әміренің өмірі жарқын, бірақ қысқа және жұмбақты қиылған болатын», - деп жеткізді қазақстандық дипломат норвегиялық кино әуесқойы қауымына.
«Әміре» фильмі қазақ мәдениетімен танысуға, бұрын жарияланбаған белгісіз және қызықты фактілері жайында білуге мүмкіндік береді. Фильм әртүрлі елдер мен түрлі-түрлі саяси жүйелердегі адамдары шексіз музыканың феномені арқасында бір-біріне қалай жақындай алатындығына жол көрсетеді. Осымен қатар, фильм қазақ даласының қайталанбас табиғатын тамашалауға зор мүмкіндік берді», - деп өз пікірімен, «Әміре» фильмін көріп шығып эмоцияларын жасырмаған көптеген көрермендердің бірі, Рон-Эрик Слетвик бөлісті.