
Аты аңызға айналған үш спортшы - Стен Стенсен, Вегард Ульванг және Владимир Смирнов - Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайында «Қазақстан-Норвегия: спорт дипломатиясы» атты көрменің ашылуында жылы әрі эмоцияналды ықыластарымен бөлісті.
1970 жылдары «Медеу» мұз айдынында бірнеше әлемдік рекорд қойған норвегиялық коньки спортшысы Стэн Стенсен «менің спорт мансабымда Медеу мен Алматының орны ерекше» деп атап өтті.
Олимпияда ойындардағы алыс қашықтықта шаңғы тебуден бақталастар - Вегард Ульванг (Норвегия) пен Владимир Смирнов (Қазақстан) спорт, достық және мәдениетаралық алмасуға қатысты көзқарастарымен бөлісті.
«Біздің, спортшылар ретінде бастан кешірген көптеген ауыр жарыстарымыз бен бәсекелестігімізге қарамастан, достығымыз одан әрі нығая түсіп, жалғасуда», - деді В. Ульванг.
Норвегияда «Смирре» деген лақап атпен белгілі Владимир Смирнов өз сөзінде «мен спортқа арналған осы көрмеге қатысқаныма қуаныштымын. Қазіргі жастардың көпшілігі Қазақстан туралы көп біле бермегендіктен, осындай шаралар бұл елмен және оның мәдениетімен танысуға зор мүмкіндік береді», - деп атап өтті.
16 желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 28 жылдығын атап өтеді, ал Владимир Смирнов - тәуелсіз Қазақстаннның тұңғыш Олимпиада чемпионы. Сондықтан да сенбі күні орын алған Холменколлендегі көрмеге «Смирре» 1994 жылы Лиллехаммер ойындарында жеңіп алған алтын медалын әкелуі үлкен символдық мәнге ие болды.
Аталмыш көрме Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі, Қазақстанның Спорттық баспасөз ассоциациясы және Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайы ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры, ҚР Сыртқы істер министрлігі және «QazSport» ұлттық спорт арнасы қолдауымен өтті. Экспозицияны көрермендер 28 желтоқсанға дейін екі апта бойы тамашалай алады.
Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжановтың айтуынша, «Қазақстан мен Норвегия арасындағы спорттық байланыстар дәстүрлі дипломатия шеңберінен асып түсуде. Бұл қатынастар екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағанға дейін көп уақыт бұрын басталған».
Фотокөрме Қазақстан мен Норвегия спортшыларының ұлы жетістіктері, ең жоғары деңгейдегі, олимпиялық ойындар мен әлем чемпионаттарын қоса, жарыстарға бірге қатысуы туралы баяндайды. Көрмеде хоккей, допты хоккей, футбол және күрес бойынша Қазақстан мен Норвегия құрамаларының арасындағы екіжақты матчтардың фотосуреттері, сонымен қатар қазақстандық спортшылардың Норвегиядағы және норвегиялық спортшылардың Қазақстандағы ойындары ұсынылған.
Спорт киімдері сыйлық ретінде саясаткерлерге, ал ұлттық киімдер көрнекті спортшыларға берілетін «джерси - дипломатия» және «шапан - дипломатия» спорттық дипломатияның бірнеше ерекше үлгілері ұсынылған.
Осымен қатар, Көрмеде хоккейлік («Барыс», «Торпедо» және «Сары-Арқа»), белесебеттік («Астана»), жеңіл атлетикалық («Алтай атлетикс» клубы) және футболдық («Қайрат» пен «Астана») қазақстандық кәсіби спорт клубтарының атрибутика жинақтамасы да бар.