Қазақстанның Норвегиядағы мәдени айлығын Қазақ киносы күндері аяқтады

Қазақстанның Норвегиядағы мәдени айлығын Қазақ киносы күндері аяқтады

Норвегияның Осло және Ставангер қалаларында өткен Қазақ киносы күндері еліміздің Норвегия Корольдігіндегі мәдени айының қорытынды аккорды болып шықты.

Ослодағы «Felix Kino» кинотеатрында кино сүйер қауымға «Қазақ хандығы» эпопеясынан түсірген режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылышы» және Нұргелді Садықұловтың «Балуан Шолақ» атты фильмдері ұсынылды.

Норвегия астанасында кино көрсетілімін ашқан Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов Қазақстанның қалыптасуындағы ең маңызды тарихи сәттерді бейнелеген, кейіннен қазіргі заманғы мемлекеттілікті құрудың кілті болған фильмдердің тарихы туралы айтып берді.

Корольдіктің мұнай астанасы саналатын Ставангер қаласының «ODEON Kino» орталық кинотеатрында норвегиялық көрермендерге шетелдік жариялануында «Париж әні» ретінде танымал режиссер Джефф Весптің «Әміре» фильмі ұсынылды.

«Фильм қазақтың нағыз күмбезі Әміре Қашаубаев қазақтың вокал және орындаушылық өнерін және ұлттық домбыра аспабын еуропалық жұртшылыққа тұңғыш рет Париждегі «ЭКСПО-1925» көрмесі шеңберінде дүр сілкіндіріп таныстырады», - деп көрсетілім алдында белгіледі қазақстандық дипломат.

«Осындай фильмдерді түсірулеріңізбен құттықтаймыз! Мен өз өмірімде көп нәрсені көргенмін, бірақ бүгін көргенімнен таңдандым. Түсірілім ауқымы, актерлер мен каскадерлардың кәсібилігі, костюмдер мен сахна дизайнерлерінің жұмысы таңқаларлық», - өзі эмоциясын жасырмай айтты 92 жастағы тәжірибелі саясаткер, норвегиялық «Прогресс партиясының» құрметті ардагері Ханс Хенриксен. Күйеуінің пікірін жұбайы Су Лан да қолдап жіберді.

«Не деген ғажап! «Алмас қылышы» мен «Балуан Шолақ» фильмдерін көргенім Қазақстан мен Еуразияның көп ғасырлық тарихына жаңаша көзқарас туғызды. Құттықтаймын», - деп қуанышын білдірді киноны көріп шыққан норвегиялық инженер Ваил Шериз.

«Әміре» фильмі қазақ мәдениетімен танысуға, бұрын жарияланбаған белгісіз және қызықты фактілері жайында білуге мүмкіндік береді. Фильм әртүрлі елдер мен түрлі-түрлі саяси жүйелердегі адамдары шексіз музыканың феномені арқасында бір-біріне қалай жақындай алатындығына жол көрсетеді. Осымен қатар, фильм қазақ даласының қайталанбас табиғатын тамашалауға зор мүмкіндік берді», - деп өз пікірімен «Әміре» фильмін көріп шыққан көптеген көрермендердің бірі Рон-Эрик Слетвик бөлісті.