Қазақстан мен Норвегия дипломатиясының ұқсастықтары жайында «Aftenposten» газетінде айтылды

Қазақстан мен Норвегия дипломатиясының ұқсастықтары жайында «Aftenposten» газетінде айтылды

«Норвегия мен Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық пен өзге елдермен кеңесу тәсілдері ұқсас келеді. Көпжақтылық әлсіреуінің жалғасуы әлемдегі елдердің көбіне зиян бұлтартпас тигізуде», - деп Норвегиядағы ең ірі «Aftenposten» газетінде жарық көрген Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжановтың мақаласында айтылған.

Мақала Норвегия СІМ-нің әлемдегі көпжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен осы саладағы алдағы жылдары норвегиялық саясаты туралы парламенттік баяндамаға арналған. Баяндама Норвегияның 2021-2022 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуға ұмтылысын қуаттайтын саяси құжат болып табылады.

Парламенттік баяндамада «Норвегия сыртқы саясатының ең маңызды мүддесі» ретінде «халықаралық құқық пен көп жақты басқару жүйесінің эрозиясына жол бермеуі» белгілінген. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған (тұрақты емес) мүшелерінің «тұрақты бес мүшенің арасында келісім болмаған жағдайда көпір салуы» аса маңызды рөлі туралы баса айтылған.
Осыған орай, Қазақстан Елшісінің мақаласында әлемдік саясаттағы шағын мен орта мемлекеттердің рөлі артуы аталды.

«Осыдан он жыл бұрын, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ) басқарған кезде, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаһандық дамудың логикасы қазіргі әлемде көпшілікті құрайтын орта деңгейдегі мемлекеттердің рөлін күшейтуді талап етеді. Менің ойымша, орта деңгейдегі елдердің рөлі жаһандық стратегиялық шешімдерді консенсус негізінде қабылдауға жеткізгенде болуы қажет» - деп жазған болатын.

ХХІ ғасырда орта мен шағын мемлекеттер жауапкершілік пен бастамаларды өздеріне көбірек тартқандарының қажеттілігі айқын. Осы ретте, Норвегия оңды мысал болып келеді. Бұл ел әлемнің көптеген бұрыш-бұрышындағы қақтығыстарды шешудегі негізгі рөлін атқара білді. Норвегия климат пен экологиялық мәселелерді шешуге, адам құқықтарын қорғауға, кедейлік пен қазіргі замандағы басқа да көптеген өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жаһандық күш-жігердің басында жүр. Еуразияның түп жүрегінде орналасқан Қазақстан да континенттегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде», - деп белгілінген мақалада. Өңірлік ынтымақтастық тетіктерін жасаумен қатар, мемлекетіміз аймақтық дағдарыстарды шешуге өз үлесін қосып, қақтығыстарды шешудің форматтарын қабылдап отырады. Ядролық сынақтардан аса зардап шеккен ел ретінде Қазақстан ядролық қаруға тыйым салуды дәйекті түрде қолдайды.

«Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Осы рөлде Қазақстан мүмкіндігінше көптеген мүше мемлекеттермен тұрақты консультациялар өткізіп жүрді. Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы көптеген мәселелер мен сын-қатерлерді терең түсінуге ықпал еткен бұл тәсіл Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс берудегі заңдылықтың күшеюін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызды болып отырды.
Геосаяси турбуленттік дәуірде дипломатия жаңашылдықты, көшбасшылық пен қайсарлықты талап етеді. Біз өзаралық пен сыйластыққа негізделген ымыра мен шешімдердің жаңа жолдарын іздеуіміз керек. Осы ең күрделі мәселеде Норвегия Қазақстанның қолдауына сенім арта алады», - деп айтылған басылымда.

«Aftenposten» Норвегияның ең ірі газеті және ғаламтор басылымы болып табылады. 1860 жылдан бастап шығарылып тұрады. Күнделікті тиражы – 260 000 дана.