
Қазақстан Елшілігінің делегациясы Норвегияның Саамдар парламенті орналасқан Карасйок қаласына барды.
Саамдар Парламенті Норвегиядағы саам халқының мәдени өзін-өзі басқару сайланбалы өкілдік органы болып табылады. Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов Парламенттің спикері Том Соттиненмен өткен кездесуі барысында Қазақстанның тарихы, еліміздің қазіргі дамуы мен жуырда болатын парламенттік сайлау туралы айтып шықты.
Осымен бірге, қазақстандық дипломат Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен және қазақстандық тарихты терең зерттеудің мүмкіндіктерін кеңейтетін «Рухани Жаңғыру» атты бағдарлама жайында егжей-тегжейлі айтып берді.