
Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов Алта солтүстік қала-портына іс-сапармен барды.
Қаланың мэры Моника Нильсенмен өткен кездесу барысында Елші Қазақстанның қазіргі дамуы мен Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған реформалар бағдарламасы туралы айтып шықты.
Алта қаласы норвегиялық Солтүстік поляр шеңберінен асқан аймақтың сауда орталықтарының бірі болып табылады. Бұл жерде туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен көлік-логистикалық қызметтер дамыған. Бұдан басқа, қала кварциттен жасалған қаптау материалдарының маңызды өндірушісі болып табылады.
Aлтаның Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесу шеңберінде Елші Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Норвегиялық кәсіпкерлер құрылысты цифрландыру, сондай-ақ ақсерке (арқан балықты) өсіруге арналған қайта пайдаланыла беретін аквакультура жүйесін құру жобаларын ұсынды.
Мәдени саланы айтқанда, Алта өңірінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тасқа салынған ежелгі суреттер - петроглифтердің мұражайы барын атап өткен маңызды. 2000 жылдардың басында Алта петроглифтерін сақтаумен шұғылданған норвегиялық мамандар Алматы облысындағы әйгілі Таңбалы жартас суреттерінің консервациясына қатысқан болатын. Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандық дипломаттар норвегиялықтарға ежелгі мұраны мәңгі сақтап қалу мақсатында тигізген көмектері үшін өз ризашылықтарын білдірді.