
2025 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігі қызметкерлерін құттықтады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомстволары арасында қарқынды, өзара сенімді және сындарлы екіжақты диалог қалыптасқан. Біздің елдеріміз арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын қуана байқап отырмыз.
РФ Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігі қызметкерлерге зор денсаулық, амандық, дипломатиялық қызметте жаңа кәсіби жетістіктер мен табыстар тілейміз!