Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Кемеров облысының - Кузбасс Губернаторымен кездесті

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Кемеров облысының - Кузбасс Губернаторымен кездесті

2024 жылы 11 желтоқсанда Кемерово облысы – Кузбасс губернаторы И.В. Середюктің бастамасымен Сібір Федералды аймағындағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Қырғызстанның дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің басшыларымен кездесу өтті.

Кездесуде екіжақты сауда экономикалық, мәдени гуманитарлық, туризм салаларын дамыту талқылады. Ресейдің Новосібірдегі Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы Николай Афонасов достас елдердің өкілдері – Ресейдің серіктестері – мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын айқындады.