Ресей Федерациясы Брянск облысында табылған «Ерлігі үшін» медалі Қазақстандағы батырдың ұрпақтарына табысталады.

Ресей Федерациясы Брянск облысында табылған «Ерлігі үшін» медалі Қазақстандағы батырдың ұрпақтарына табысталады.

Салтанатты рәсімді ұйымдастырушы – Омбы облыстық қоғамдық ұйымы «Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы» Омбы облысы Үкіметінің қолдауымен өтті.

26 қараша күні Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Қожамбердиев К.Қ. қатысуымен Омбылық жауынгерлік даңқ музейінде «Ерлігі үшін» медалін Павлодарлық Панфиловшылар іздестіру тобының өкілдеріне салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

«Ерлігі үшін» медалі Брянск облысында жер қазу жұмыстары кезінде табылған. Награданың нөмірі бойынша оның 1900 жылы туған Павлодар облысының тумасы Құдайбергенов Заирға тиесілі екені анықталды.

Заир Құдайбергенов Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. 1943 жылдың тамызында жақын ұрыс кезінде жауынгер үш неміс басқыншысын жойып, бірнеше күннен кейін Харьковты азат етуге қатысқан.

Көрсеткен ерлігі мен шексіз батырлығы үшін 1944 жылдың 8 маусымында №96/н бұйрығымен қатардағы жауынгер Құдайбергенов жоғары әскери марапатқа лайық деп танылды.