Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлері Омбыда өткен «ИННОСИБ-2024» форумына қатысты

Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлері Омбыда өткен «ИННОСИБ-2024» форумына қатысты

Ү.ж. 17-19 қазан аралығында Қазақстан Республикасы делегациясының қатысуымен Омбы қаласында жыл сайын өтетін «ИННОСИБ-2024» әлеуметтік кәсіпкерлер мен инвесторлардың XIII халықаралық форумы өтті.

Көрме экспозициясында Қазақстан Республикасы қазақстандық әлеуметтік кәсіпкерлердің өнімдері қойылған ұлттық стендпен ұсынылды.

Форум аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағыттағы бизнес пен Омбы облысының бейкоммерциялық ұйымдар өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде әріптестік қатынастарды дамыту мен нығайтуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.